Қажырлы еңбек - табыс кілті

Зарифа Ахметқызы Қашқарова

🔸«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру – тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

🔹Зарифа Ахметқызы Қашқарова – 30 жылдан аса уақыт білім және ғылым саласында еңбек етіп келеді. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент.

🔹ҚР Госстандарт академиясы, Алматы энергетика және байланыс институты, «УНАТ» ЖОО, Еуразиялық ұлттық университеті, АСУ гуманитарлық-техникалық, Қазақстандық Швейцария-Американдық колледждерінде педагогикалық қызметтер атқарған.

🔹Зарифа Ахметқызының «Қазақстанның үздік адамдары» (2010), «Білім саласының үздік қызметкерлері» (2010) еңбектеріне оң баға берілген.

ҚР Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Back to top button