Ұлттық байқаулардың сценарийлері
- «Жігіт сұлтаны» байқауы («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне орай мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне)
Байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық байқаулар өткізу арқылы салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттары негізінде халқымыздың ізгі қасиеттерімен тәрбиелеу.
Байқау кезеңдері:
- «Тегімді менің сұрасаң…» (таныстыру)
- «Көңілі ояу, көзі ашық…» (салт-дәстүрден сұрақ-жауап)
- «Әке көрген оқ жонар…» (өз өнерін көрсету)
- «Ескірмейтін есті сөз» (мақал-мәтел сайысы)
- «Күш атасын танымас» (қол күрес немесе гир көтеру).
Қатысушылар: мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері.
Міндетті аудиториясы: 14-23 жас аралығы. (9 сыныптан бастап)
Шараның ұзақтығы: 3 сағаттан аспау керек.
- «Қыз сыны» байқауы («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне орай мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне)
Байқаудың мақсаты: қыз баланың бойына адамгершілік, имандылық, инабаттылық, адалдық ұғымдарын сіңіре отырып оларды парасатты, білімді болуға, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттары негізінде халқымыздың ізгі қасиеттерімен тәрбиелеу.
Байқау кезеңдері:
- «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру // 3 минут)
- «Өнерлінің өрісі кең…» (өз өнерін көрсету // 5 минут)
III. «Зерделінің ойы озық» (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақ-жауап // 5 сұрақ)
- «Ана көрген тон пішер» (қолөнер сайысы)
- «Қыздарға әсемдік жарасады» (ұлттық киім үлгісін көрсету).
Байқаудың басты талаптары:
- Сахна мәдениеті (жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы),
- Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы,
- Сөйлеу мәдениеті (тіл тазалығы мен дауыс ырғағы),
- Білім деңгейі.
Қатысушылар: мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері
Міндетті аудиториясы: 14-22 жас аралығы. (9 сыныптан бастап)
Шараның ұзақтығы: 3 сағаттан аспау керек.
- «Болашақ отбасым» ұлттық сайысы («Отбасы күніне» орай жоғары сынып мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне)
Сайыстың мақсаты: Атадан балаға мирас болған игі салтымыз бен ізгі дәстүрімізді және отбасылық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттау.
Сайыс кезеңдері:
І. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» (таныстыру // 3 минут)
ІІ. «Отбасым – мақтанышым…» (қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтар аясында ситуациялық сұрақтарға жауап беруі керек. // 1 сұрақ қойылады, 5 минут уақыт беріледі.)
ІІІ. «Білгенге – маржан…» (отбасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайындағы мақал-мәтелдер мен сұрақтар // 3 сұрақ)
- «Бақыттың кілті…» (Бұл кезеңде қатысушылар отбасындағы ер мен әйелдің негізгі міндеттері туралы өз пікірлерін айтады.)
Сайыстың басты талаптары:
- Топ 15 жастан жоғары білім алушылардан құралады және 2 адамнан кем болмауы керек;
- Сайысқа 3-5 топ қатысады;
- Әр топтың аты мен ұраны болуы шарт;
- Сахна мәдениетін сақтау;
- Киімдерінің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы;
- Сөйлеу мәдениеті (тіл тазалығы мен дауыс ырғағы).
Қатысушылар: жоғары сынып мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері.
Міндетті аудиториясы: 15-23 жас аралығы.
Шараның ұзақтығы: 3 сағаттан аспау керек.