Әдістемелік материалдар

Қыз сыны

«ҚЫЗ СЫНЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне орай мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады)

Өзектілігі.

Ұлттық мақтаныш пен патриотизм рухына тәрбиелеуде ер мен қыз баланың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілікке, ептілікке, кішіпейілділікке, сұлулық пен төзімділікке, эстетикалық талғаммен тәрбиелеуге, сондай-ақ республикалық деңгейде барлық білім беру ұйымдарында бірегей әрі заманауи үлгіде ата салтын ардақтайтын, елін сүйер нағыз қазақ қыздарының бойында ұлттық қасиеттерді сіңіре отырып, «Қыз сыны» байқауын өткізу арқылы ұрпағымызды тәрбиелеу.

«Қыз сыны» секілді ұлттық байқаулар еліміз егемендік алғалы республикамыздың оқу ордаларында азды-көпті өткізіліп келе жатқаны белгілі. Алайда, бұл байқауларды өткізуде кейде мән-мағынасы ұлттық тағылымымызға сәйкес келе бермейтін тұстары да байқалып, тәрбиелік жағынан ұштаспай жататын сәттерге куә болып жатамыз. Сол себептен, ұлттық құндылықтарымызды сақтап «Қыз сыны» байқауын өткізудің маңызы өте зор.

Байқаудың мақсаты: қыз баланың бойына адамгершілік, имандылық, инабаттылық, адалдық ұғымдарын сіңіре отырып оларды парасатты, білімді болуға, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттары негізінде халқымыздың ізгі қасиеттерімен тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • ұлттық өнерімізді жан-жақты таныта білу, салт-дәстүрді дәріптеуге үйрету, мейірімділікке және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу;
  • қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, инабаттылық пен адамгершілікке, ізеттілік пен ісмерлікке тәрбиелеу және эстетикалық талғамы мен шеберлігін, аруларға тән қасиеттерді дамыту;
  • қыз балалардың бойында мәдениеттілік пен әдептілікті сіңіре отырып, шығармашылықтарын одан әрі дамыту және олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button