Қажырлы еңбек - табыс кілті

Қуаныш Серікқазыұлы Сүлейменов

🔹 Қуаныш Серікқазыұлы Сүлейменов Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін, кейін Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіндегі бөлімшесінде «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдары магистрі  дәрежесін алған.

🔹Әртүрлі уақытта Алматы қаласында әскери жетекші, ұйымдастырушы қызметтерін атқарып, Жарма ауданындағы Шалабай ауылында мектеп директоры болған. Қазіргі таңда «Шалабай» ЖШС бас директоры.

🔹Кәсіпорын асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуға және зауыт салуға ұмтылады. Түпкі мақсаты – қазақтың ақбас  тұқымды сиырларын мемлекет көлемінде тарату. «Шалабай» ЖШС жұмысшыларының еңбекақысы өнеркәсіптік кәсіпорыннан кем емес, өздерінің құрылыс бригадасы бар. Жеке шаруа қожалықтармен бірлесе отырып, серіктестік мал тұқымын асылдандыруға күш салуда.

🔹Қуаныш Серікқазыұлы бұл күрделі бизнесті үздік қазақстандық және әлемдік тәжірибе негізінде жүргізудің заманауи моделін құра отырып, ғылыми-зерттеу институты селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа жетекшілік етіп келеді.

Back to top button