Қажырлы еңбек - табыс кілті

Қанатбек Жәнібекұлы Сәбденбеков

🔹Қанатбек Жәнібекұлы Сәбденбеков 1968 жылы 9 мамырда қазіргі Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар елдімекенінде дүниеге келген.

1988 жылы әскерден оралып, 1990 жылы отбасын құрады. 1991 жылы Шымкент қаласында Автожол техникумына оқуға түсіп, 1994 жылы тәмамдайды. Кейін әкесімен ақылдаса келе, мал шаруашылығымен айналысуға бел буады. «Балам есіңде болсын, адал еңбекпен, маңдай термен тапқан наның әрқашан тәтті болады» және хәкім Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, әкесі өз батасын береді.

🔹Қанатбек Сәбденбеков 1997 жылдан бастап мал шаруашылығымен, оның ішінде қой басын көбейтумен айналысып келеді. Сол кезде 11 қой, 2 тана, 1 бие болған. Қазір мал басы көбейіп, осындай дәрежеге жетіп отырғанын Қанатбек Жәнібекұлы, мұның барлығы «адал еңбектің арқасы» дейді.

🔹Кіші ұлы Бекарыс Теміртауда отан алдындағы борышын өтеп жүр. Қазір ол үлкен ұлы Нұрдәулетке малдарды қалай дәрілеу қажеттігін үйретіп жүр. Ол қой басын көбейту көрсеткіші бойынша Сарыағаш ауданына өз үлесін қосып, ауылдың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына да жәрдемін беріп келе жатқан жатқан азаматтардың бірі.

Back to top button