Қажырлы еңбек - табыс кілті

Қаманай Жиенхан

🔹«Ерекше адамдар» айдарының қатысушысы Қаманай Жиенхан – бригадир, балташы, жеке кәсіпкер, газет тілшісі әрі мұғалім болып әр салада еңбек еткен азамат. Осы уақытта көп жылдық кәсіби шеберлігі шыңдалып, көптеген жетістіктерге жеткен.

🔹Қазіргі таңда Жиенхан ағамыз осы қамшының 24 түрін жасап, әрбір түрінің тарихымен таныстырып, өскелең ұрпаққа қамшы жасау технологиясын үйретуде. Қамшы – баға жетпес ұлттық құндылығымыз, рухани мұрамыз.

Тіл жанашыры Қаманай Жиенхан сонау қиын жылдары өзі тұрған ауылға «Ақжол» (қазіргі «Ақсу жолы») газетінің 180 данасын жұма сайын арнайы таратып, қиын кезде ауылдың рухани азығынан айырмау үшін барын салған. Сонымен қатар, Ақсу өңірінің жұмыссыздарын жинап, үш айлық курс ұйымдастырып, 90-нан аса адамға ұлттық өнер шебері деген куәлік алып шығуға жәрдемдескен. Облыс мектептерінде ұлттық ойынды жаңғыртуға бағытталған семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізіп келеді.

🔹«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған айтарлықтай еңбектері жинақталуда. Жиенхан аға еңбек ететін Жамбыл орта мектебі, №1 қазақ орта мектебі бүгінде ұлттық тәрбиенің кең ауқымды орталығы болып отыр.

🔹Қаманай Жиенхан – жеті қырлы азамат, өзінің еліне қызмет етіп, ұлттық мүддені жаңғыртып, насихаттап, халық пен өскелең ұрпақ бойына рухани-адамгершілік, патриоттық сезімін оятып жүрген бірегей адам. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзінің кіші Отанының дамуына үлес қосып,  елеулі жетістіктерге жеткен беделді тұлғалардың бірі.

Back to top button