
ПАЗЛ
танымдық ойыны
«Менің елім» пазл ойынының мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, елін, жерін, туған өлкенің бай табиғатын сюжетті суреттер арқылы тануға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сипаттамасы: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Менің елім» пазлы сюжетті 4 суреттен тұрады:
1-cурет. 6 бөлшек (3 жас)
2-сурет. 12 бөлшек (4 жас)
3-сурет. 18 бөлшек (5 жас)
4-сурет. 24 бөлшек (6 жас)
Пазл суреттері балалардың әртүрлі жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне сай оюлана, қиылған бөлшектерден тұрады. Пазлда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі көркем бейнеде, бояуы анық, түрлі-түсті сюжетті суретте бейнеленген. Пазл бөлшектері жеңілден қиынға қарай күрделеніп, баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Пазл ойыны мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ақыл-ойын, санасын, зейіні мен қиял қабілетттерін шыңдап, ұсақ қол моторикасын дамытады.
Автор: Рысты Керимбаева
Корректор: Жанар Боқанова, Төлеу Абишев
Суретшi: Сәуір Кастеев
Суреттердің авторлық құқығы «Shuǵylakіtap» ЖШС-не тиесілі.