Ата-аналарғаОқыту курстары

Отбасылық құндылықтар туралы бейнедәрістер

«Рухани жаңғыру» қоғамдық даму инстиуты КеАҚ отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық тәрбиенің рөлін күшейту, бүгінгі күнгі өзекті отбасылық проблемаларға кәсіби кеңестер беру мақсатында «Ulttuq tarbie» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында отбасылық өзекті тақырыптар бойынша елімізге танымал, кәсіби коуч, лекторлармен видео лекциялар жазылды. Лекцияда әр отбасыға керек кеңестер, маңызды техникалар мен нұсқаулықтар айтылады. Лекторлардың барлығы дерлік қоғамға танымал, өз саласында өзекті тақырыптарды көтеріп жүрген мықты мамандар. Лекцияның толық нұсқасын сілтемеге өтіп көре аласыздар!

Әлия Сағымбаева. Тектану негіздері


Отбасында тектану мәдениетін қалыптастыру. Текті білудің маңызы. Арғы текті зерттеу арқылы отбасылық қиындықтарды қалай жеңуге болады? Толық ақпаратты лекциядан көріңіз.

Елжас Ертайұлы. Отбасындағы жасөспірім тәрбиесі


Елжас Ертайұлы – бала тәрбиесі бойынша халықаралық сарапшы – маман. Бала тәрбиесінде ата-аналар тарапынан жиі кететін қателіктер. Жасөпірімнің тілін қалай табу керек? Жас отбасыларға бала тәрбиесіне қатысты құнды кеңестерді лекциядан көріңіздер.

Қарагөз Сүлейменова. Отбасындағы ұлттық тәрбиенің маңызы


Қарагөз Сүлейменова – тележүргізуші, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиcсия мүшесі Лекцияда ұлттық құндылықтар шеңберінде қыз баланы тәрбиелеу, әйелдің қоғамдағы рөлі, ене мен келін қатынасы, ажырасудың алдын алуға қатысты кеңестер мен құнды ақпараттар айтылады.

Ақан Мергенбай. Отбасылық өмірге дайындық


Ақан Мергенбай – отбасылық сарапшы – маман, коуч. Лекцияда отбасы құруға ұмтылған жастарға кәсіби кеңестер, шаңырақ көтеру кезіндегі қиындықтардың шешім жолдары, отбасыларға бағыт-бағдар беріліп, құнды ақпараттар айтылады.

Ләззат Кенжебайқызы. Жүктілікті дұрыс жоспарлау. Ер адам мен әйел денсаулығы


Ләззат Кенжебайқызы – гинеколог-репродуктолог, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Әйелдер арасындағы бедеулік. Жастар неге балалы бола алмайды? Белсіздікке әкелетін факторлар, жас отбасыларға бала сүюге қатысты медициналық, кәсіби кеңестер. Толық нұсқасын лекциядан көріңіз.

Құралай Ошақбаева. Ер мен әйел қарым-қатынасы. Әйел психологиясы


Құралай Ошақбаева – психолог, қоғам белсендісі. Ер мен әйел қарым-қатынасы. Әйел психологиясы. Рухани тәрбиенің отбасылық өмірдегі маңызы. Жас қыздарға, әйелдер қауымына отбасын сақтауға бағытталған құнды кеңестерді лекциядан көре аласыздар.

Еще материалы

Back to top button