Қажырлы еңбек - табыс кілті

Николай Елемесұлы Таубеков

🔹Жоғары кәсіби деңгейдегі педагог Николай Елемесұлы Таубеков – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Ән салу» бөлімінің оқытушысы. Ол өзінің көп практикалық тәжірибесі мен терең музыкалық-теориялық білімін пайдалана отырып, жоғары әдістемелік негізде сабақтар өткізеді.

🔹1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Ш.Х. Әбіловтың сыныбынан бітірген. Ақтөбе музыкалық училищесіне оқытушы ретінде жіберілді. Колледжде жұмыс істеген уақытында өзін сауатты және мақсатқа ұмтылған маман ретінде көрсете білді.

🔹Николай Елемесұлының әр жылдардағы түлектері еліміздің кәсіби ұжымдары мен оқу орындарында жұмыс істейді. Оның көптеген шәкірттері республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты және музыкалық колледж бен академиялық филармонияның солистері мен оқытушылары. Атап айтсақ: Қайрат Игіліков, Мирас Бекжанов, Есенгелді Рзин, Венера Алпысбаева, Зухра Төлемісова, Гүлмира Әлжанова,  Өркен Кенебаев, Жанна Сандыбаева, Гүлнұр Жақсылықова, Ару Тәжіғалиева, Әйгерім Балмағамбетова, Динара Таубекова, Айгүл Ужимбаева, Аманжол Өтемұратов, Арман Даналл, Нұржайнар Әбілхайырова, Саят Абдулла, Нұрсезім Саматқызы және т.б.

🔹Николай Елемесұлы музыкалық колледж оқушылары арасындағы республикалық байқаудың қазылар алқасының жиі мүшесі.

🔹ЖТМО үлкен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізеді және әдістемелік көмек көрсетеді.

2009 жылы «Педагогика және өнер» журналында «Қазақстан Республикасындағы кәсіби музыкалық білім берудің заманауи жүйесінің проблемасына» мақаласы жарық көрді. Алматы, 2011.

Back to top button