Қажырлы еңбек - табыс кілті

Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев

🔹Ата-бабаның айтқан «Кең болсаң кем болмайсың» деген қанатты сөзі бар. Осы сөздің бейнесі жүзінен, жасаған ісінен де айна қатесіз танылып тұратын мінезі дархан жомарт жанды, азамат тумысы бөлек өр тұлғалы ақжарқын азамат – Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев.  Оның жұмыстағы табандылығы мен тиянақтылығы, өмірдегі тұрақтылығы мен ақжарқын мінезі елге ұнайды.

🔹Мұрат Абайұлы 1991 жылы Қызылорда қаласындағы кооперативтік техникумға түсіп, оны 1994 жылы бітіріп, бухгалтер мамандығын алады. 2016 жылы «Болашақ» университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша екінші дәрежелі білімін жалғастырды. 1994-1997 жылдары Қызылорда қаласындағы өрт сөндіру басқармасы өрттен қорғау қорында бас есепші болып қызмет атқарады.

🔹1997 жылы жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, 2016 жылға дейін «Абзал және К» ТС директорының орынбасары, ал 2016 жылы директорлық қызмет атқарады. 2017 жылдан бастап «Абай Дәулет» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.

  • 2005 ж. Арканзас штаты губернаторының құрметті азамат куәлігін алған.
  • Назарбаев Университетінде Герцог университетімен бірлесіп, «Бизнестің жол картасы • 2020» бизнеске әкімшілік дамыту бағдарламасын тапсыру туралы куәлігінің иегері.
  • Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқаны үшін «Үздік демеуші» номинациясын иеленіп, арнайы дипломмен марапатталған, 2018 жыл.
  • 2018 ж. І дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған, Қызылорда облысы.
  • 2017 ж. Қазақстандағы сауда кәсіпорындарының «Best Trade-2017» республикалық байқауында «Жылдың үздік көшбасшысы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері. Атырау қ.
  • 2019 ж. Жылдың Агрофирмасы «Халықтың сүйіктісі Ұлттық сыйлығының лауреаты». Астана қ.
  • 2019 ж. ІІІ облыстық форумында «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған. Қызылорда қ.
  • 2019 ж. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы Дала елі» бірыңғай брендін пайдалану құқығын беруге арналған конкурсының жеңімпазы. Нұр-Сұлтан қ.
  • 2019 ж. І дәрежелі диплом «Қазақстанның үздік тауары – 2019», Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен».

🔹Сегіз қырлы, бір сырлы, қатарының алды болған азамат Мұрат Сәрсенбаев Сыр бойына белгілі болған кәсіпкер. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта мәрттігімен таңдандырып, қараша халыққа демеу болып жүрген нар тұлғалы азамат Мұрат Абайұлының  облыстағы игілікті қайырымдылық іс-шаралары:

📌1000 литр шұбатпен;

📌 3 млн. 600 теңгеге ауруханаларды 8 басты ірі қарамен;

📌13 тонна әңгелек, қауын-қарбызбен;

📌10 мың бетперде және мед.қызметкерлерге қорғаныш киімдермен;

📌құны 3 млн 750 мың теңгеге тыныс алу құрылғылармен;

📌4 млн. 644 мың теңгеге түрлі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еткен.

Back to top button