Әдістемелік материалдар

МЕКТЕПТЕГІ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУШЫҒА АРНАЛҒАН ГАЙД

Әлемнің көптеген елдерінде кәсіптік бағдарлау қызметі білім саласындағы маңызды мемлекеттік тапсырманың бірі. Негізгі мақсаты – балалардың, жастардың өз қызығушылықтары мен қабілеттерін және еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға білімділік пен тәрбие жағынан дайындау. Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы жекелеген елдерде заңнамалық деңгейде төменгі сыныптардан бастап жүзеге асырылады. Ал мамандық бойынша қорытынды таңдау мектепті
аяқтауымен сәйкес келеді. Мұнымен бірге, бастапқы таңдаған бейінге жеке қасиеттері сәйкес келмеген жағдайда мамандық бойынша дайындық бағытын өзгерту мүмкіндігі бар.

Мектепте, мансаптық орталықтарда оқушыларға, ата-аналарға толыққанды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін «School Counselor» (мектептегі кәсіптік бағдарлаушы/кеңесші) жұмыстарына ерекше
көңіл бөлінеді.

Халықаралық тәжірибені ескере келе, мектептегі кәсіптік бағдарлаушының мақсаты – кәсіптік бағдарлау диагностикасына, бейімдеуге, кеңес беруге және жұмыс сапасын мониторингтеуге бағытталған
ұйымдастырушылық-әдістемелік шаралар өткізу.

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button