Қажырлы еңбек - табыс кілті

Мәжит Хамитұлы Кузбаков

🔹Практикалық медицинада жоспарлы және шұғыл хирургия мен эндобейнехирургияны жетік меңгерген, білім беру мен емдеу қызметін қоса атқаратын жоғары санатты хирург дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, доцент Мәжит Хамитұлы Кузбаков, денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар білікті маман әрі басшы.

🔹2012 жылдан Кенес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледж директоры, 2014 жылдан бастап еліміздің батыс өңірі бойынша колледжде мүгедектерді оқыту, инклюзивті оқытуды дамыту мәселелерін шешуді қарастыратын Елбасы ұсынған «Кедергісіз келешек» мемлекеттік жобасын іске асыруда Мәжит Хамитұлы тікелей бастама көтеріп, мақсатты жұмыстар жүргізілуіне ықпал етті.

🔹Мәжит Хамитұлының тікелей жетекшілігімен облыс көлемінде алты жыл қатарынан қайырымдылық балы ұйымдастырылған. Колледж ұжымы мен студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында тұңғыш рет өткізілген «Туған жер!» республикалық форумының ұйымдастырылуы мен жоғары деңгейде өткізілуіне белсене атсалысқан. Колледж жастары «Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының жұмысына жыл сайын белсенді қатысады.

🔹2019 жылы «Worldskills Kazakhstan Aktobe-2019» аймақтық чемпионатында медицина саласы бойынша колледж студенті Алыканов Сундетбек қатысып, V Республикалық чемпионатта ІІІ орын алған.

🔹Ол көптеген ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдар «Лапароскопиялық аппендэктомия кезіндегі қателіктер мен асқынулар және олардың алдын алу», «Хирургияның таңдаулы сұрақтары бойынша дәрістер жинағын» құрастырған, жалпы саны 48 ғылыми мақаласы жарық көрген.

🔹Мәжит Хамитұлы Ақтөбе медицина колледжін басқара отырып, білім және денсаулық салаларын дамыту мақсатында көптеген ғылыми және әлеуметтік шараларды ұйымдастырып, өткізілуіне мұрындық болды.

🔹2016 жылы оқу орнына патриоттық маңызы бар 14 жыл бойы көкейтесті сұрақ болған – Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін колледжге беру мәселесін оң шешімін табуға тікелей жетекшілік еткен. Сондай-ақ, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор үлес қосып, колледжде симуляциялық орталық ашқан.

Back to top button