
ЛОТО
Үстел үсті танымдық ойыны
Ұлттық таным көкжиегін кеңейтетін лотоның мақсаты –мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтармен таныстыру, заттарды есте сақтау, жіктеу, салыстыру, сәйкестендіру, сондай-ақ байқампаздық қасиет пен ұсақ қол моторикасының икемділігін дамыту.
Сипаттамасы: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық таным көкжиегін кеңейтетін лото үстел ойыны 4 карточкадан тұрады. Әр карточкада 6 сурет бейнеленген, әрбір суретке сәйкес 24 фишка орналасқан. Ұлттық нақыштағы домалақ пішінді лото фишкалары қапшыққа салынған.
1-карточка. Қазақ халқының тұрмыстық заттары (киіз үй, бесік, келі, сырмақ, үстел, күбі);
2-карточка. Ыдыстар (астау, ожау, қасық, кесе, құмыра, торсық);
3-карточка. Ұлттық әшекей бұйымдары (сырға, сақина, шашбау, белдік, алқа, білезік);
4-карточка. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, дауылпаз, жетіген).
Ойын ережесі: Лото ойынын екі немесе төрт бала ойнайды. Әр балаға бір-бір карточкадан үлестіріледі. Әрбір бала өз карточкасындағы суретке сәйкес қапшықтан шыққан фишкаларды орнатуы тиіс. Ойын жүргізуші қапшықтан біртіндеп заттарды алып шығады. Балалар оны атап, өз карточкасын толтырады. Ойын алаңының жеңімпазы – карточкасын фишкамен бірінші толтырған бала атанады.
Автор: Рысты Керимбаева
Дизайн өңдеуші: Алтынай Бейсенбекова