Ата-аналарғаМұғалімдергеОқыту курстары

LIFELONG LEARNING ҚАҒИДАТТАРЫН ДАҒДЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ГАЙД

Қазіргі уақытта əлемде өзгерістер үнемі болып тұрады. Экономиканың түрлі салаларында технологиялар, əдіснамалар мен тəсілдер қарқынды өзгеруде. Еңбек нарығында бұрын жинаған тəжірибе мен білім сұранысқа ие болу үшін жеткіліксіз, өйткені жаңа заман талаптары жаңа тəсілдер, дағдылар мен қабілеттерді талап етеді.

Дағдыларды дамыту – бұл тек білім алуға деген ұмтылыс емес, өзгермелі еңбек нарығы жағдайында жұмыс орнында талап етілетін қабілеттердің, техникалық білімнің жəне осы білімді пайдалана алу дағдыларының жиынтығын қамтитын маңызды үрдіс. Бұл біздің үздіксіз оқуға деген көзқарасымызды оның басымдылықтарына мəн бере отырып өзгертуді білдіреді, өйткені үздіксіз білім алу заманауи адамның бойында болу керек ең маңызды қасиеттердің бірі.

Бұл нұсқаулық үздіксіз білім алу ұғымын, оның сіздің өміріңіздегі жəне жұмыс орнындағы маңыздылығы мен артықшылықтарын ашу мақсатында жасалған. Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін сіз өзіңізге ыңғайлы оқу форматын анықтап, тұрақты даму жолында өз мақсатыңызға жетесіз деп үміттенеміз.

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button