Қажырлы еңбек - табыс кілті

Клара Муфтахитденқызы Киматова

🔸Клара Муфтахитденқызы Киматова орта мектепті бітіріп, аудан орталығында өзі оқыған мектепте және Пионерлер үйінде еңбекке араласып, Мәдениет үйінде көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді өнерпазы болған.

🔹1975-1979 жылдары Гурьев музыка училищесінің хор дирижері мамандығы бойынша Т.В. Галаганның класын жақсы бітірген. 1979-1988 жылдары қалалық БММ музыка теориясы бөлімінің, 1987-1989 жылы оқу бөлімінің меңгерушісі. 1990-1993 жылдары Құрманғазы атындағы облыстық БММ-де оқытушы. Қысқа мерзім ішінде өзін іскер, білімді маман ретінде танытқан, 1995-1998 жылдары курс жетекшісі болған.

🔹1999 жылдан бастап «Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі «Хор дирижері» бөлімінің меңгерушісі. 🔹2003 жылы «Академиялық ән салу», 2012 жылы «Домбырамен халық әндерін орындау» мамандықтары қосымша жүктеліп, «Хор дирижері» және «Ән салу» пән бірлестігін жауапкершілікті түрде басқарып келе жатқан тәжірибелі, алғыр жетекші.

Осы жылдар ішінде аталған мамандықтардың үлгерім көрсеткіштері жоғары нәтижелерге ие болуда. Пән бірлестігіне консерватория бітірген колледж түлектері жас маман ретінде оралып, оқытушылар саны да артқан.

Back to top button