Қажырлы еңбек - табыс кілті

Жұмақын Қожақынұлы Қайранбаев

🔹Жастарға, тіпті әріптестеріне де үлгі болар әйгілі суретші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, профессор Жұмақын Қожақынұлы Қайрабаев тәуелсіз еліміздің еншісіне шығармаларымен елеулі үлес қосып келеді. Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында табанды 40 жыл үзбей ұстаздық еңбек етіп, жүздеген кескіндемеші шәкірттер даярлаған және олармен «Іздер» атты көрме ұйымдастырып тұрады.

🔹Жұмақын Қайранбаев шығармашылығының жанрлық өрісі де кең. Бұған шебердің қолынан шыққан натюрморттар, портреттер, табиғат көрінісі, сюжетті картиналар толық дәлел бола алады. Ұлыларын ұлықтаған Абылай хан, Ясауи, Құрманғазы, Кенесары, Жамбыл портреттері Жұмақын Қайранбаевтың іргелі жұмыстары болып саналады.

🔹2003 жылдары шығармалары шырқап тұрған шақта онкологиялық ота жасалып, ажал аузынан аман қалған Жұмақын Қожақынұлының айтуынша, «тірі жүргеніме таңғаламын» дейді.

🔹Өмірлік ұстанымы позитивті, жарық өмірге ашық түстермен қарайтын Жұмақын Қайранбаев үлгі тұтар азамат.

Back to top button