Жоба туралы

Көптеген жылдар бойы ұлттық тәрбие қазақ халқының дамуындағы  негізгі құралдардың бірі болды. Ежелден үлкенге құрмет, кішіге ізет,айналадағы адамдарға құрмет, сыпайылық, қарапайымдылық, бейбіт қарым-қатынас, жауапкершілік, қонақжайлылық сынды қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Қазақ отбасыларында «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген тәмсіл қалыптасып, бала тәрбиесіне еретеден баса назар аударылған.  Сол арқылы жастардың өмірлік жолын қалыптастырып, ежелгі салт-дәстүрді негізге ала отыра дұрыс өсіп-өнеудің бағдары берілген. Дәл осындай отбасыларда ұлттық құндылық бойына сіңген, қазақтың салт-дәстүрінің парқын білетін  өнегелі ұрпақ өсіп отырған.

Өкінішке қарай, Өкінішке заманауи өркениеттің қазіргі сын-қатерлері бүкіл әлемдік кеңістіктегі отбасы институтына өзгерістер енгізді. Отбасылық қарым-қатынас мәдениетінің әртүрлілігі жас ұрпақты тәрбиелеу тәсілдеріне тікелей әсер етеді.

Бүгінгі таңда алдымызда  ұлттық тарихымызға, түп тамырымызға сүйеніп, заманауи ұрпақты тәрбиелеудің және отбасылық қатынастарды қалыптастырудың негізгі құндылықтарын сақтау міндеті тұр. Себебі тәрбие кез-келген тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуінде үлкен рөл атқарады.

Back to top button