Әдістемелік материалдар

Жігіт сұлтаны

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне орай мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады)

Өзектілігі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында тұтас қоғамның да, қазақ халқының мәдениеті мен өзіндік ұлттық кодын сақтауға, Қазақстанның әрбір азаматының санасын жаңғыртуға баса назар аударылған болатын.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда қыз-жігіттеріміздің санасы ашық, рухы мықты болуы үлкен бақыт. «Жігіт сұлтаны» секілді ұлттық байқаулар еліміз егемендік алғалы республикамыздың оқу ордаларында азды-көпті өткізіліп келе жатқаны белгілі. Алайда, бұл байқауларды өткізуде кейде мән-мағынасы ұлттық тағылымымызға сәйкес келе бермейтін тұстары да байқалып, тәрбиелік жағынан ұштаспай жататын сәттерге куә болып жатамыз.

Халқымыз ежелден-ақ «Ер – елдің қорғаны», – деп ұл баланың ұлтқа сүйеу боларлық қадір-қасиетін айқындап берген. Айталық, намыстың туын жықпайтын, өршіл рухты, батыл, тапқыр, білікті де білімді әрі парасат пайымы биік ер адамдарды құрметтеп төрге отырғызған. Содан да болар әр дәуірде ғылым мен білімнің, сахна мен саясаттың өз сұлтандары ел ықыласына бөленіп келеді. «Жігіт сұлтаны» байқауы арқылы жігіттеріміз ұлтжандылыққа, адамгершілікке, сахна мәдениетіне тәрбиеленеді. Сондай-ақ, сайыста көшбасшылық қасиеттері бар жігіттер анықталынып, олар өз кезегінде қоғамға жақсы қырымен танылып, үлгі болады.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық байқаулар өткізу арқылы салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттары негізінде халқымыздың ізгі қасиеттерімен тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • ұлттық өнерімізді жан-жақты таныта білу, салт-дәстүрді дәріптеуге үйрету, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу;
  • жастардың бойларында мәдениеттілік пен әдептілікті сіңіре отырып, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;
  • жігіттерді отансүйгіштікке, батылдық пен батырлыққа баулу, сондай-ақ шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button