Қажырлы еңбек - табыс кілті

Жәмилә Әбдіғаниқызы Әбжан

🔸2021 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленген үздіктердің қатарында Қызылорда облысының Қазалы ауданы №249 мектебінің тәжірибелі ұстазы – Жәмилә Әбдіғаниқызын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салтанатты түрде марапаттаған.

Жәмилә Әбдіғаниқызы Әбжан жоғары санатты педагог-зерттеуші, бірінші деңгейлі ағылшын тілі пәні мұғалімі. Педагогика саласында 32 жыл еңбек өтілі бар білікті ұстаз.

🔹Жәмилә Әбдінағиқызы – АҚШ елшілігі мен Қазақстан Білім министрлігі ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сайысында жүлдегер атанып, АҚШ елінің ұстаздарымен тәжірибе алмасуға жолдама алған ұстаз.

🔹Оқушылары ҰБТ көрсеткіші бойынша жыл сайын жоғары балл жинақтап, мемлекеттік грант иегері атануда. Шәкірттері аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері. Ол «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, республикалық Білім Академиясының Құрмет грамотасы, халықаралық АКСЕЛС қоғамының Құрмет грамотасының иегері.

🔹Мұнан бөлек, оның бірқатар оқушылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінде білім алуда. 2020 жылы АҚШ елшілігі және Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы ұйымдастырған ауыл мектептеріне арналған семинарда үздік кәсіби шеберлік танытқаны үшін жұмысы өте жоғары бағаланған.

Back to top button