Қажырлы еңбек - табыс кілті

Гүлжан Қайыпбекқызы Қазыбекова

🔸Казыбекова Гүлжан Қайыпбекқызы  – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 1983 жылы бітіріп, еңбек жолын 1981 жылы «Балдырған» балабақшасында музыка жетекшісі болып бастаған. 1981 жылы 4 БММ концертмейстер ретінде, 1984 жылы ән мен би ансамблінде жұмыс істеген. 1985 жылдан А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында ұстаздық қызмет еткен. 1989-1992 жылдары концертмейстерлер бөлімінің меңгерушісі, ал 2014 жылдан бастап арнайы фортепиано бөлімінің меңгерушісі ретінде қызмет етіп келеді.

🔹1987-2006 жылдары концертмейстер ретінде шәкірттерімен көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жоғары жүлделі орындарға ие болған. Шәкірттері Ресей, Венгрия тағы басқа елдердің жоғарғы оқу орындарында білім алып, бұл күнде елімізде жемісті еңбек етуде.

🔹Шәкірт тәрбиелеу ісінде елеулі жетістіктерге жетіп, ұстаздық қызметтің жоғары мәртебесіне жете білген. Қазіргі таңда Қазақстан өнер әлемінде атақты тұлғалар ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері А.Ахмадиев, Н.Аширов, А.Жүдебаев, Р.Баймурзин, Д.Байжұманов, С.Көпбаев т.б. қалыптастыруда, тәлім беріп, атаулы конкурстарда жеңімпаз атануға тікелей Гүлжан Қайыпбекқызының сіңірген еңбегі зор. Шәкірттері Ресей, Украина, Франция, АҚШ тағы басқа елдерде өткен айтулы конкурстарда лауреат атануда.

🔹Сонымен қатар, республикалық және халықаралық пианистер байқауында үнемі қазылар алқасының мүшесі болып, әріптестерімен шеберлік сыныптар жиі өткізіп тұрады.

Оқушыларға білім беру процесінде орындаушылық дағдыларын қалыптастыруға, шығарманы кәсіби жоғары деңгейде орындауға, тұлға ретінде қалыптасуларына үлкен үлес қосып келеді.

Back to top button