Қажырлы еңбек - табыс кілті

Ғафу Болатұлы Көшербаев

🔹Ғафу Болатұлы Көшербаев 1975 жылы Алматы облысы, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы зооветеринариялық институтының ветеринария факультетіне оқуға түсіп, оқуды бітірген соң Алматы қаласындағы орталық ветеринариялық зертханасында ветлаборант болып қызмет атқарады. Жұмыста ауылшаруашылық өнімдерінің, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің төрт түлік мал етінің сапасын қадағалау, құс еті, сүт өнімдері сол секілді қызметтер атқарған.

🔹Зертханада 5 жыл жұмыс істеп, ветсанитарлық сарапшы мамандығын меңгеріп шыққан. Кейін заман талабына сай өмірдің ағымына байланысты құрылыс саласында жеке бизнесін ашып, шаруашылығын дөңгелетіп келеді.

🔹Ғафу Көшербаев құстардың жұмыртқасы адам денсаулығына пайдалы екенін ескере келе, құстарға жақсы күтім жасау керектігін де тілге тиек етеді. Сондай-ақ, ол фабрика салсақ, шаруашылықты кеңейтсек деп армандайды. Қиындықтарға қарамастан кәсіпкер құстарға мейлінше қолайлы жағдай жасап, қолындағы барымен таза экологиялық өнім шығаруда.

🔹Ауыл шаруашылықта құстың бірнеше түрі өскенімен үндіктерге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, етті көп беретін әрі деликатес саналатын бройлер балапаны өте төзімсіз. Балапан кезінде көбісі сирағын сындырып, ауыр жарақаттанатындықтан шығыны шаш етектен. «Биг-6» тұқымды күркетауықтың мамығы ақ, бройлер өнімі. Егер жақсылап бақса, біреуінің өзі 25 кг жуық ет береді екен. Ал, қаз тағам талғамайды және кез-келген ауа-райына төзімді құс. Қаздың еті ғана емес, майына да сұраныс өте жоғары. Себебі емдік қасиеті бар.

🔹Ғафу Болатұлының айтуынша, шаруаның келер жылға жоспары әр құстың санын екі-үш мыңға дейін арттырып, инкубатор құру.

Back to top button