Ата-аналарғаДамыту өнімдері

Домино

ДОМИНО

Үстел үсті танымдық ойыны

 Ұлттық тағамдар бейнеленген домино ойынының мақсаты– мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық дүниетанымын, логикалық ойлау жүйесін, стратегиялық тактикасын, шапшаңдығы мен белсенділігін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Сипаттамасы: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық тағамдар бейнеленген домино үстел ойыны 7 түрлі суреттен, 28 тастан тұрады. Доминоның әр тасында ұлттық тағамдар суреті түрлі-түсті  бейнеленген (бауырсақ, қазы, Наурыз көже, қымыз, сүзбе, ірімшік, құрт). Домино тасы тіктөртбұрышты 2 бөлікке бөлінген түрлі суреттен тұрады. Тастағы суреттер түрлі-түсті бояулар арқылы анық бейнеленген.

Ойын ережесі: Ойынға  екі немесе төрт бала  қатыса алады. Егер олар бірге ойнаса, онда олар 7 тастан алады. Егер үшеу немесе төртеу болса, 5 тастан алады. Қалған тастар ойын үстелінің шетіне төмен қаратып базарға қойылады.

Бірінші қадам. Екі жағында бірдей жұптасқан суреті бар бала ойынды бастайды. Тас үстелдің ортасына  қойылады. Келесі ойыншы суреті бірдей кескіні бар тасты кез-келген бағытта орналастырады. Ойын қозғалысы  сағат тілімен жүргізіледі. Егер балада сәйкес суреті бар тасы болмаса, онда ол базардан тас алады. Ал сәйкес келмесе, онда ойын қозғалысы келесі қарсыласқа өтеді. Ойын осылай жалғасады, егер базардағы тастар  аяқталса, бала қолындағы тастармен ойын аяқталғанға дейін ойнайды. Ойын алаңында барлық тастарды  бірінші болып орналастырған бала жеңімпаз атанады.

 

Автор: Рысты Керимбаева

Дизайн өңдеуші: Алтынай Бейсенбекова

Еще материалы

Back to top button