Ата-аналарғаЖастарғаМұғалімдергеОқыту курстары

«Dastur start» сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлері

Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған кітапшасы келесі материалдарды қамтиды:

Тәрбиелік маңызы бар сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлері

8-11 сынып оқушыларына арналған «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты алғашқы дебат сайысында қатысушылар қазақ тілін жетік меңгеру мен шет тілдерді үйренудің маңызын, мәнін талқыға салады.

Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелері барша адамзатты алаңдатуда. «Қоршаған орта және экология» деп аталатын ойталқы ісшарасында осы мәселелер көтеріліп, қатысушылар бірбірімен пікір алмасып, ой бөліседі. Әр адам өзінің туған жеріне қамқорлық танытса, экологиялық ахуал бүгінгідей болмас еді. Сондықтан, 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін бұл ойталқының да маңызы зор деп біліңіз.

Ал, колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне 5 арналған «Асыл мұра» атты зияткерлік сайысы рухани қазынамызды танып-білмекке, сөз өнері, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, жұмбақтап сөйлеу сияқты мәдени мол игіліктерімізді сақтауға жол ашпақ. Ұлттық код ең әуелі тілден басталады. Әрбір ел өзінің ана тілін құрметтеу арқылы ұлттың ұлы мұратына жетеді.

«Біз – Фараби ұрпағы» атты дебат сайысында колледж және жоғары оқу орындарының студенттері ойшыл бабамыздың шығармашылығымен, әлемдік ғылым және өркениетке сіңірген еңбегімен кеңінен таныса алады. Батырын таныған жұрт, бабасын таныған ұлт қашанда ұлы болмақ. Осыны ескере келе тілге тиек болған дебаттың маңызы өте зор демекпіз.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, терең тарих, ұлылар ұлағаты, мәдениет пен әдептілік ұлттың айнасы. Мектеп оқушылары мен колледж, жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынылып отырған «Жеңіс тұғыры» атты зияткерлік сайысы осы тақырыптарды қамтиды.

Кітапшадағы «Туған жерге туыңды тік» атты еркін форматтағы ашық сабақ жоғарғы сынып оқушылары арасында өтеді. Аталған іс-шара сананың ашықтығына, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыруға, тұлғалар тағлымын тануға жетелейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, эволюциялық даму, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік қағидаттары – кітапшада толығымен қамтылады.

ЖҮКТЕП АЛУ

Ұлттық салт-дәстүрді жастар арасында театрлық көріністер арқылы кеңінен насихаттау, шығармашылыққа баулу

«Даналық жолы» атты театралды көріністе, ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлы даналығы, пәлсапасы, әндері мен қарасөздері дәріптеледі. Аталған көрініс арқылы біз ғұламаның мәңгілік рухани мұрасымен, шығармашылық жолымен танысып, көкжиегімізді кеңейтеміз.

Сондай-ақ бұл кітапшада ұлттық салт-дәстүрді, отбасылық құндылықтарды, «Ұлы даланың жеті қырымен» таныстыратын қойылымдар бар. «Ұлы даладағы Наурыз» атты көріністегі оқиғалар, жаңа форматта ашық аспан астында өтеді. Мұнда салт-дәстүрді насихаттау, ұлтаралық татулықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау сынды мәселелер қамтылған.

Ал, «Менің отбасым» атты театралды көріністе ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, сыйластығы, үйдегі рөлі туралы кеңінен түсіндірілмек. Әке мен ананың қадірін білген перзент елге, жерге, ұлтқа адал қызмет ететіні белгілі. Бұл қойылымның жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол.

«Ұлы далаға саяхат» атты қойылым атқа міну мәдениеті, Қазақстан жеріндегі ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны секілді құндылықтарды дәріптеуге құрылған. Тілге тиек болған театралды қойылымдар оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға серпін береді.

Сахналық шығармалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік қағидаттарына сәйкес келеді. Театралды көріністер 8-11 сынып оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

ЖҮКТЕП АЛУ

Квест

Кітапшада бірнеше квест ойындары топтастырылған. Ойын арқылы баланың ой шапшаңдығы мен көшбасшылық қасиеті дамып, зеректігі артады.

«Тәуелсіздігім – тірегім» атты квест ойынында қатысушылар шығармашылық және тәжірибелік тапсырмалар арқылы Тәуелсіз Қазақстанның ірі жетістіктері жайлы тың мәліметтер жинайды, білімін толықтырады, «Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен ұлттық идеяларды тани түседі. Бойларындағы коммуникативті дағдыларды дамытып, көшбасшы болуға үйренеді. Сценарий 8–9  сынып оқушыларына арналып жазылған.

«Білім – теңіз» мектепішілік квест бәсекесі оқушылардың зияткерлік қабілеттерін анықтайды. Қатысушыларға әртүрлі жұмбақтар қойылып, тапсырма беру арқылы білімдері, бәсекеге қабілеттілігі, іздену, ойлану, толғану дағдыларын ашу көзделген. Жастардың география, әдебиет, физика, тарих, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру сабақтары бойынша танымы, біліктілігі сыналмақ. Квест ойыны 10-11 сынып оқушыларына арналған.

«Туған жерді танып, біл!» квест ойынында сайыскерлер ұлы даламыздың әйгілі тұлғалары мен қастерлі қалалары жөнінде ізденіс жасайды. Жоба арқылы қатысушылар еліміздің тарихи жерлері жайында ақпарат жинап, атамекеніміздің қасиет-қадірін, тарихи, әлеуметтік, мәдени жетістіктерін айқын сезінеді. Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан дарындар жөнінде білімін толықтырмақ. Әр кезең баланы барлық жағынан сынауға мүмкіндік береді. Жарыстың негізгі мақсаты – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттары негізінде Қазақстанның жарқын жетістіктерін дәріптеу. Квест жас буынды ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін жылдам табуға, топта жұмыс істеуге, өзіндік пікір қалыптастыруға баулиды. Кең қолданыста жүрген бұл дамыту ойындары жас буынның ұлттық құндылықтармен сусындауына, рухани жаңғыруына, зиялы азамат болып қалыптасуына оң серпін береді.

ЖҮКТЕП АЛУ

«Dastur star» зияткерлік ойындары

Әдістемелік кітапша білім мекемелерінде тәрбиені күшейтуге бағытталған. Бұл көмекше құралды дайындап, ұсынудағы мақсат – жастардың санасына сәуле құю, таным көкжиегін кеңейту. Кітапша еліміздегі мектептер мен жоғарғы оқу орындары, сонымен қатар өзге де білім мекемелеріндегі жас буынға қосымша тәлім-тәрбие беруде қолданылады. Аталмыш еңбекте халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ортақ құндылықтарына арналған танымдық ойындар жинақталған.

Айталық, «Көңілді старт» этно сайысында бабалардың асыл қазынасы – шешендік сөзді жаңғыртып, даналар қалдырған қанатты сөздерді көңілге түюге болады. Нақыл сөздерді қолдану тіл байлығын дамытып, сөздік қорды толықтырады. Сонымен қатар, салт-дәстүрді ұлықтап, ел жадынан өшіп бара жатқан халық әндері дәріптеледі. Әдептің әліппесіндей болған-ырым тыйымдарды санаға түйіп, бекзада өнер қайым айтысты дамыту көзделеді.

«Аула квест» сайысында ойлау қабілетін дамытып, қимыл-қозғалысты арттыратын ұлттық ойындар квест жарысы негізінде ойналады. Бұл ойындар оқушылардың топ болып ұйысуына, достық қарымқатынасының нығаюына оң ықпал етеді.

Ал «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» еркін форматтағы дебат жарысында өзектілігін жоймаған салт-дәстүрлер мен уақыт тынысына ілесе алмаған әдет-ғұрыптар таразыға тартылады. Халық мұраларының мәні мен мазмұны сарапқа салынады.

Сонымен қатар, «Ұлы дала ұлағаты» сайысында руханиятымыздың өзегі –салт-дәстүрлер, спорттық ойындар мен төл тағамдарымыз насихатталады. Оларды тәжірибелік түрде жасап, халық қазынасының тарихына, жасалу жолына назар салынбақ. Олар туралы білген сайын таным ашылып, біліміміз артады. Ұлы даланың баға жетпес ұлағатты жолын танимыз.

Зияткерлік ойындар жастардың танымын ашып, физикалық қабілеттерінің оянуына, түрлі ситуациядан шығуына оң әсер етеді. Білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, эволюциялық даму, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік қағидаттары – интеллектуалдық сайыстардың негізгі ұстыны.

Аталған еңбек 8-11 сынып оқушыларына және техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

ЖҮКТЕП АЛУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орта және жалпы білім беретін мектептердің 8-11(12) сынып оқушылары үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орта және жалпы білім беретін мектептердің 8-11(12) сынып оқушылары үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдар

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button