Әдістемелік материалдар

Болашақ отбасым

«БОЛАШАҚ ОТБАСЫМ» ҰЛТТЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

(«Отбасы күніне» орай жоғары сынып мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналады)

Ұлттық мақтаныш пен патриотизм рухына тәрбиелеуде ер мен қыз баланың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілікке, ептілікке, кішіпейілділікке, сұлулық пен төзімділікке, сондай-ақ республикалық деңгейде барлық білім беру ұйымдарында бірегей әрі заманауи үлгіде ата салтын ардақтайтын, елін сүйер нағыз қазақ қыз-жігіттердің бойында ұлттық қасиеттерді сіңіре отырып, бақытты және үлгілі отбасын құруға тәрбиелеу өте өзекті болып отыр.

Адам бойындағы мейірімділік пен адалдықтың, адамгершілік пен тектіліктің қайнар көзі – отбасы институтында жатқандығын жете түсіндіру. Жаңғыру мен жаңару заманында тамырын тереңге жайған рухани мол мұрамызды келешек ұрпаққа қалыбын бұзбай жеткізу.

Сайыстың мақсаты: Атадан балаға мирас болған игі салтымыз бен ізгі дәстүрімізді және отбасылық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттау.

Міндеттері:

  • жастар отбасы құруда және ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді ұстана отырып, берекелі және үлгілі отбасын қалыптастыруға бағыттау;
  • ұлттық өнерімізді жан-жақты таныта білу, салт-дәстүрді дәріптеуге үйрету, мейірімділікке және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу;
  • жастардың бойларында мәдениеттілік пен әдептілікті сіңіре отырып, шығармашылық және танымдық қабілетін дамыту.

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button