Бибігүл Тілешқызы Сахипова
🔸Бибігүл Тілешқызы Сахипова Атырау облысы Қайыршақты селосының Қайыршақты орта мектебінің 8 сыныбын үздік бітіріп, Гурьев медицина училищесіне «Мейірбике ісі» бөліміне оқуға түседі. 1986 жылы училищені үздік аяқтап, 1986-1987 жылдары №1 қалалық балалар емханасында учаскелік мейірбике қызметін атқарған.
🔹1987 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» бөліміне оқуға түсіп, 1993 жылы акушер-гинеколог мамандығын алған. Ол 1993 жылдан бастап Атырау жоғары медицина колледжінің акушерия және гинекология пәні оқытушысы болып қызмет етіп келеді.
2013-2017 жылдар аралығында колледждің әдіскері қызметін атқарған.
2014 жылы «Эверо» баспасынан жарық көрген медицина колледжі студенттеріне арналған әдістемелік оқу-құралдарының авторы.
🔹2015 жылы Ұлттық Медициналық Ассоциациясы Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері атанған.
🔹2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамыту мен сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.