Қажырлы еңбек - табыс кілті

Бауыржан Нұрбекұлы Байділда

🔹Бауыржан Байділдәнің ойшыл да байсалды суретші ретінде танимыз. Егеменді еліміздің еншісіне шығармашылық жұмыстарымен елеулі үлес қосумен қатар табанды 30 жылдан астам Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарып келеді. Осы уақыт аралығында жүздеген бейнелеу өнері мамандарын даярлаған.

🔹Бауыржан Байділдә шығармашылығының жанрлық өрісі де кең. Оған шебердің қолынан шыққан натюрморттар, портреттер, табиғат көрінісі, сюжет картиналары дәлел бола алады.

🔹Үздік шәкірттерінің қатарына ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Естай Даубай, Мүсілім Жұмағалиев, Берік Әлібай, сонымен қатар халықаралық жастардың алтын медаль иегерлері Анар Әбжанова, Табысбек Толқын т.б. қазақ бейнелеу өнерін әлемдік дәрежеде елімізді танытып жүрген қылқалам шеберлері бар.

🔹Бауыржан Байділдә, сонау 1990-жылдардағы егеменді елдің алғашқы «Әліппе», «Ана тілі», «Әдебиет», «Дүниетану» секілді басқа да оқулықтарды безендірген автор.

Back to top button