Қажырлы еңбек - табыс кілті

Бақытгүл Ғаниқызы Рахпанова

🔸Шығармашылық потенциалы бар әрі студенттердің танымдық қабілетін дамытып, олардың сабаққа деген белсенділіктерін арттыруға дағдыланған педагог Бақытгүл Ғаниқызы Рахпанова, 2011 жылдан бастап Қостанай педагогикалық колледжінде балалар әдебиеті мен мәнерлеп оқу және жекеленген пәндерден сабақ беріп келеді.

🔹Бақытгүл Ғаниқызы «Қостанай дарынды» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жанындағы Облыстық Эксперттік кеңесте «Балабақша мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас» атты әдістемелік құралын жазып, лицензиялық жұмысын қорғаған. Жыл сайын өзінің біліктілігін арттыру үшін курстардан өтіп отырады.

🔹2018 жылы білілім беру саласындағы табысты еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі үшін Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Құрмет грамотасымен марапатталған.

Педагог өзінің 30 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибесін студенттерге тәлім-тәрбие беруге жалықпайды және алдағы уақытта көптеген білікті әрі кәсіби мамандарды даярлайтынына сенімді.

Back to top button