Ата-аналарғаМұғалімдергеОқыту курстары

Баланы еңбекқорлыққа қалай баулимыз?

Қазіргі таңда жастардың, әсіресе балалар арасында еңбек қимылы, дене жаттығуы мен еңбек қабілеттілігінің төмендеуі байқалады. Мұндай жағдайда балалардың бойында жастайынан еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Ата-ана балаларының ақылды, мейірімді, мықты әрі өнерлі болғанын қалайды. Алайда, «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» демекші, өнерпаздық, байқампаздық секілді қасиеттерден бұрын еңбекқорлық бала үшін маңыздырақ деп есептеледі. Кейбір ата-аналар кішкентай балалардың қаржылық сауаттылық пен еңбекқорлыққа үйренуі тым ерте деген ойда. Бірақ та аталмыш бейімділіктер ерте жастан үйретілмесе, кейін тым кеш болуы мүмкін.

Балалар сәбилік кезеңнен бастап қоршаған ортасын тануға әуес болады. Олар сорғыш зат секілді жаңа ақпарат пен дағдыларды сіңіріп, қоршаған әлемді зерттеуге талпынады. Балалардағы осы қызығушылықты жоғалтпай дамыту керек. Бұл сіз ойлағандай қиын емес.

Ата-аналарға арналған бұл қалта кітапшаның мақсаты – жас жеткіншектерді еңбекке баулу, еңбекқорлық құндылықтары және ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбексүйгіштікті насихаттау.

ЖҮКТЕП АЛУ

Еще материалы

Back to top button