Қажырлы еңбек - табыс кілті

Алтыбай Намазұлы Ермұқан

🔹Алтыбай Намазұлы Ермұқан 1977 жылы Алматы қаласындағы Қазақ дене тәрбиесі институтын тәмамдаған. 1984 жылдан бері Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінде жоғары санатты дене шынықтыру пәні оқытушысы. Ол колледжде жасөспірімдер үшін бокс секциясының базасын жасақтап, жастарды үйірмеге қатыстырып, олардың спортқа қызығушылығын арттырған.

🔹Қазақстандық бокс бапкерінің бірі болған Алтыбай Намазұлының еңбегі ескеріліп, 2007 жылы бокстан «Бүкіләлемдік әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) Халықаралық дәрежедегі төрешісі» және республикалық чемпионаттардың «Ең үздік төрешісі» атағына да ие болған.

🔹Кәсіптік білім беру саласында дені сау, бәсекеге қабілетті маман даярлауда дене шынықтыру пәнінің орны ерекше екенін жақсы меңгерте білетін Алтыбай ұстаздың оқушылары үлкен жетістіктерге жетуде. Ардагер ұстаздың спорттық шеберлігін меңгеріп, түрлі жарыстарда жүлде алған шәкірттері қазіргі кезде аудан, облыс, республика көлемінде өз салаларында абыройлы қызмет атқарып келеді.

🔹Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Құрмет грамотасымен, Атырау облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен және облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Back to top button