Қажырлы еңбек - табыс кілті

Айман Әбілғазықызы Ақбаева

🔸Айман Әбілғазықызы Ақбаева 1997 жылдан бастап П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Халық аспаптар» бөлімінде қызмет етіп келеді. Қызмет жолында концерттік шығармашылық, оқу тәрбиелік, әдістемелік жұмыстар мен мақалалар жазып, халықаралық және республикалық конференцияларға қатысқан.

🔹Айман Әбілғазықызы класынан бітірген оқушылары жоғары музыкалық оқу орындарына түсіп отырады.

2004-2008 жылдар аралығында Айман Әбілғазықызы класында «домбыра» мамандығы бойынша тек музыкалық сауаттылық қана емес, сонымен қатар шәкірттерінің аспапты жетік меңгеру – күйшіліктің қыр-сыры мен әртіс болып қалыптасуына, жалпы қоғамда өз орындарын тауып, білімге, ғылымға талпыну мен тұлға болып қалыптасуына зор үлесін тигізіп келеді. Сондай-ақ, олар ұстазының жылдар бойы жинаған орасан тәжірибесі мен айрықша өзіндік методикасы әсер етпей қоймайды.

🔹Айман Әбілғазықызы шәкірттерін жаңашылдық пен жаңалыққа жетелеген ұстаз, өнер жолында ғылым мен музыка ұштасқан арнасында біршама жаңа жобалар мен идеаларына зор септігін тиігуде.

Back to top button